АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ...
АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ...

Бисмилләх деп блогымды жазуға кірістім. Жүргізетін блогым мен сүйетін әлем медицина туралы болмақ. Қазіргі уақытта медицина университетінің студентімін. Дәріс барысында небір медицина ғылымдарының докторлары, профессорлардан сабақ аламыз. Олардан денсаулыққа бей-жай қарамаудың сырын үйренеміз. Сол себепті де, ұстаздардан үйренгенімді өздеріңізбен бөлісіп отырмаққа ұйғардым. Және денсаулыққа қатысты оқыған мәліметтеріммен де бөлісіп отырамын. Өйткені Алла тағала баршамызға денсаулықты аманат етіп сыйға тартты. Қандай бақыттымыз... Өмірдегі кемтар, мүгедек жандарды көргенде өзімізге еш кемшіліксіз берілген денсаулық үшін шүкіршілік етіп, Аллаға алғыс білдіруіміз керек. Алла тағала аманатына қиянат жасамауға тиіспіз. Өзіңіз ойлап көріңізші... Бір күн жай ғана басымыз ауырып қалсыншы, берекеміз қашады. Ал Алла Тағала бізге еш кемшіліксіз жаратылған жүрек, бауыр, бүйрек, ми т.б дене мүшелерін тегін берді. Ал біз аманатқа қиянат жасап жүрген жоқпыз ба? Ауырып, өз-өзімізді арақпен, темекімен, құрамында химикаттар қосылған әртүрлі тәттілермен немесе fast foodпен улағанша, неге дұрыс тамақтанбаймыз?! Аурудың 80 пайызы тамақтан екені белгілі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Әлбетте, Алла Тағала жерге бір ауру жіберсе, оған қоса оның емін де жібереді», - деген болатын. Сондықтан, кез-келген ауруға шалдыға қалған жағдайда біз оның емі болатынын ұмытпағанымыз жөн. Тағы бір ескерте кететін нәрсе, Алла харам еткен нәрселермен емделу ешқашан емге жатпайды. Абу-д-Дардадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Ем іздеңдер, бірақ емделуге тиым салынған нәрселерді қолданбаңдар! Ибн Мас'уд: «Алла сендерге тиым салған нәрселерге ем қондырмады», - дейді. Сондықтан, "арақ маған пайдалы, кішкене ішсем қан айналымыды жақсартады немесе мен виноны тек емдік мақсатта ішем",- дегеннен аулақ болған дұрыс.

Достар! Сіздер қандай ауру және оның емделу жолдары туралы білгілеріңіз келеді? Сұрақтарыңызға мүмкіндігінше ғылыми медицина және ислам медицинасы тұрғысынан ізденіп, жалпы мәлімет беруге тырысамын :)

Nazerke ErmekkyzyNazerke Ermekkyzy
8 лет назад 16733
7 комментариев
  • Бастамаңызға Алла берекесін берсін! Дұрыс тамақтануға қатысты көбірек жазыңызшы)))
    8 лет назад
  • Және қан алдыруға қатысты)
    8 лет назад
  • Мені де осы сұрақ, дұрыс тамақтану мен артық салмақтан арылу мазалайды.
    8 лет назад
  • Бәрекелді біз де қолдаймыз. Денсаулық ең басты байлығымыз. Ненің зиян, ненің пайдалы екендігі жайында да мәліметтерді беріп тұрсаңыз жақсы болар еді.
    8 лет назад
  • МәшәАлла, керемет. Алла жазса, Сізден тың жазбаларды күтеміз. Сәттілік!
    8 лет назад
  • Саляматсыз ба, Назерке! Бұл бастамаңызға қуаныштымын! Бізге казіргі кезде кең таралған "давление" жайлы тусіндіріп беріңізші. Яғни, қан қысымы неге байланысты көтеріледі немесе туседі, белгілері жəне емделу жолдары. Рахмет!
    8 лет назад
  • Қолдауларыңызға рахмет!Алла разы болсын!
    8 лет назад
О блоге
0
0 0 0 0 0
Прямой эфир